17.07.2023, 11:45
Оқылды: 33

Қазақстандық оқушылар Австралияда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Австралияда робототехникадан алғаш рет Asia Pacific Open Championship ашық жарысы өтті. Оған АҚШ, Канада, Үндістан және Қытай сынды әлемнің 10 мемлекетінен 300-ден астам қатысушы жиналды. FIRST Tech Challenge аға санатында Қазақстанның намысын Алматы қаласындағы РФММ мен Астанадағы Нұрорда мектебінің командалары қорғап, алматылық Bolt.M3 командасы чемпионаттың күміс жүлдесі мен ең жоғарғы екі марапатқа ие болды. Бұл туралы ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

msg-1309508988-6525

USTEM Robotics қорының басшысы Асылбек Мырзахметовтың айтуынша, ұлттық құраманың қоржынына түскен күміс пен екі беделді марапат чемпионат қатысушылары арасында рекордтық көрсеткішке ие. Бұл команданың жоғары кәсібилігін және Қазақстан мен Орталық Азиядағы STEM дамуына қосқан үлесі жоғары екенін көрсетеді.

«Бізге Connect Award сыйлығы берілген кезде қатты қуандық, одан кейін Think Award және чемпионаттың күміс жүлдесін берген сәтті сөзбен айтып жіткізу мүмкін емес. Мұндай жарыстар біз үшін үлкен тәжірибе, сондай-ақ кәсіби байланыс орнатудың, өз еліміздің бұл салада жақсы дамығанын өзгелерге көрсетудің мол мүмкіндігі. Жарыстың үш күні бойы матчтар арасындағы үзілістерде біз басқа елдердің қатысушыларымен ұлттық ойындарымызды ойнап, оларға қазақ тағамдарын ұсына отырып, еліміздің мәдениетімен таныстыруға тырыстық», - дейді команда капитаны Таир Каренеев.

Естеріңізге сала кетейік, оқушылар осы жылдың ақпан айында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен FIRST Central Asia Орталық Азия ойындарында халықаралық чемпионатқа жолдама алған болатын. Asia Pacific Open Championship-тегі жеңіс оқушыларға үздік шетелдік университеттерде білім беру гранттарына ие болуға жол ашады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале