17.07.2023, 17:30
Оқылды: 38

Тұрғындарды 40 млн теңге қарызға батырған алаяқ ұсталды

Павлодарда өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, тұрғындарды 40 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖП ақша

«Осы жылы Астана қаласы Полиция департаментінің базасында бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін «CyberPol» пилоттық жобасы құрылды. Киберқылмыстарды тиімді тергеу және ашу үшін тергеу, жедел және криминалистикалық бөлімшелердің қызметкерлері бір жерде шоғырланып, банк секторымен және ұялы байланыс операторларымен жедел өзара іс-қимылды жүзеге асырады», - деп түсіндірді Жандос Сүйінбай.

Оның сөзінше, Павлодар облыстық полиция департаментінің «CyberPol» тобы банк қызметкерлерінің атынан алаяқтық жасаған қала тұрғынын ұстаған.

«Қазіргі уақытта күдіктінің 20 қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Келтірілген залал сомасы шамамен 40 млн теңгені құрады. Оған ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп мәлім етті Жандос Сүйінбай.

Қоса кетсек, алғашқы жартыжылдықта Қазақстанда 9,4 мың интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале