17.07.2023, 16:45
Оқылды: 42

Олимпиада чемпиондарына берілген пәтер қанша жылдан кейін олардың жеке меншігіне өтеді?

Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов Олимпиада жүлдегерлеріне берілетін пәтерді спортшының атына рәсімдеу тәртібі қандай екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖП ДОМ (4)

«Дене шынықтыру және спорт» туралы» заңның 47-бабының 1,4-тармақтары бойынша Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегері атанған спортшыларға коммуналдық тұрғын үй қорынан қайтарымсыз негізде баспана беріледі.

«10 жыл өткеннен кейін Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңіспазы мен жүлдегері атанған спортшылар өздері коммуналдық тұрғын үй қорынан алып отырған баспананы қайтарымсыз негізде меншігіне алады. Бұл Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне баспана беру тәртібіне сай», - деп жазады Ербол Мырзабосынов.

Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мынандай жағдай жасалады:

1) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының алтын медалін алған чемипонға – 3 бөлмелі пәтер;

2) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының күміс медалін алған жүлдегерге – 2 бөлмелі пәтер;

3) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының қола медалін алған жүлдегерге – 1 бөлмелі пәтер.

Сондай-ақ, ол Олимпиада ойындарында 6-орын алған спортшыларға да ақшалай сыйақы берілетінін еске салады.

«ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы бойынша қысқы және жазғы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне 1 орын алғаны үшін – 250 000 доллар, 2 орын үшін – 150 000 доллар, 3 орын үшін – 75 000 доллар, 4 орын үшін – 30 000 доллар, 5 орын үшін – 10 000 доллар, 6 орын үшін – 5 000 доллар көлемінде теңгелей сыйақы беріледі», - деп жазылған жауапта.

Есімжан Нақтыбай

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале