27.07.2016, 12:39
Оқылды: 71

Қожалық жетекшісі – «Күміс алқа» иегері

«Күміс алқа» иегері – қожалық жетекшісіЕгіндікөл ауылдық округінің әкімі Абат Зейнуллин Елбасының жарлығымен бекітілген көп балалы ана, Егіндікөл ауылының тұрғыны Айгүл Баяноваға «Күміс алқа» табыс етті.


Айгүл – өте еңбеккқор жан. Ол бала тәрбиесімен қоса, «Өтебаш» шаруа қожалығының жетекшісі. Жолдасы Жүсіп екеуі – шаруа қожалығының шаруасын дөңгелетіп отырған іскер жанұялардың бірі.

«Өтебаш» шаруа қожалығы Егіндікөл ауылы  бойынша «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несиеге алғашқылардың бірі болып қол жеткізді. Мемлекеттік бағдарлама арқылы шаруа қожалығындағы малшаруашылығын дамытып, ірі қара санын көбейтуді көздеп отыр.

- Қожалық иелігінде  300 бас ірі қара, 1700 бас қой, 100 бұзау, 60 бас жылқы, мал тұқымын асылдандыру бағыттында 10 аталық бұқа бар.

«Қыстың қамын жазда ойла» демекші мал азығын дайындау қызу жүруде. Науқандық жұмысқа техникамыз жеткілікті. Қазіргі таңда 2500 центнер шөп қыстақ басында жинаулы тұр. Жоспар бойынша 8000 центнер шөп дайындауымыз керек, –  дейді қожалық жетекшісі Айгүл Баянова.

«Күміс алқа» иегері отбасында 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіріп келеді. Үйдің үлкені Рүстем әкесін қасында техника жөндеуге көмектесіп қолқанат болса, ал қызы Әсем бос уақытта сурет салып, дизайнер болуды армандайды. Үшінші қыздары Гүлім Егіндікөл ЖОББМ-нің 3-сыныбына көшті. Дастан, Әлішер, Нұрәлі атты ұлдары мектеп жасына жеткен жоқ.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале