19.07.2023, 11:00
Оқылды: 39

Жалған шот-фактура жазып бергендер мемлекет бюджетіне 700 млн теңге залал келтірген

Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласындағы Департаментінің қызметкерлері нақты жұмысты орындамай, қызметтерін көрсетпей, тауарларды жөнелтпей, жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан екі азаматтың әрекетін әшкереледі. Бұл туралы Қаржы мониторингінің баспасөз қызметі хабарлады.

ЖП ақша

Олар 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың тамызына дейінгі аралықта жалпы айналымы 2,1 млрд теңгеден асқан 6 компания құрған.

Соның салдарынан мемлекеттік бюджетке салық түрінде 700 млн теңгеге жуық қаржы түспей қалды.

Сот үкімімен аталған тұлғалар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале