19.07.2023, 12:30
Оқылды: 61

Ақтөбе облысында шағын жинақты мектептерді қолдау жобасы жүзеге асырылып жатыр

Өткен жылдан бастап Ақтөбе облысында ауылдық мектептерде сапалы білім беруді дамыту және виртуалды педагогтер есебінен шағын жинақты мектептерде педагог тапшылығын толтыруға бағытталған «БІЛІМ ALL» жобасы қолға алынды. Бұл туралы ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

msg-1309508988-6535

Бүгінгі таңда өңірдегі 36 шағын жинақты мектепті 12 тірек мектеп басқарады. Жоба аясында онлайн сабақтарға арналған арнайы білім беру платформасы әзірленді. 1000-ға жуық педагог шағын жинақталған ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту тақырыбында цифрлық технологияларды қолдана отырып, біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

«Аталған жоба аясында 1 қыркүйектен бастап 134 шағын жинақты мектептің оқушыларына сапалы білім беру, материалдық-техникалық базаны нығайту және интернет жылдамдығын арттыру көзделген. Өңірдегі 12 тірек мектепте 386 кабинет жабдықталады», - деді Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Арнайы курстан өткен педагогтер 5-11 сыныптың 1851 оқушысына математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі бойынша онлайн және офлайн режимінде сабақ береді. Ақтөбе облысының тәжірибесі еліміздің бірқатар мектебінде пайдаланылады деп жоспарланып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале