27.07.2016, 18:04
Оқылды: 69

«Комитет – әр үйге» жобасы түсіндірілді

????????????????????????????????????

 Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Комитет – әр үйге» жобасын түсіндіру мақсатында жиын өтті.


         Жиында сөз алған ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  комитетінің БҚО бойынша басқармасының аға прокуроры Самал Рүстемова, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  комитетінің БҚО бойынша басқармасының прокуроры Марсел Байқатов «Комитет – әр үйге» жобасының бағыттарын түсіндірді.

Отырыс барысында аудан әкімі апаратының қызметкерлеріне, ауылдық округ әкімдеріне, дербес бөлімнің басшыларына «Комитет – әр үйге» жобасын кеңінен насихаттауды жүктесе, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мербол Есендосовқа «Комитеттің ақпараттық сервисі» туралы бейне-роликтерін лед-теледидар арқылы үнемі көрсетілімі қамтамасыз етілуін тапсырды.

Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдеріне Құқықтық статистика және арнайы  есепке алу жөніндегі Комитетінің БҚО бойынша басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып халыққа «Комитет – әр үйге» жобасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керектігі айтылды.

Жиын соңында арнайы мамандар сала қызметкерлерін толғандырған сауалдарға жауап берді.

         Райымбек АБАЕВ
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале