24.07.2023, 17:30
Оқылды: 24

БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып бір адам көз жұмды

БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып бір адам көз жұмды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

InShot_20230724_170231043

Оқиға 20 шілде күні сағат 22:45 шамасында “Самара-Шымкент” тас жолының 415-ші шақырымында болған.

1984 жылғы Ш. есімді жүргізуші тігзігдеген Nissan Teana маркалы автокөлігі жолға шыққан жылқы үйіріне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан 1983 жылғы К. есімді жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Айта кетейік, жүргізуші мен жолаушы Ақтөбе облысының тұрғындары.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта малды қараусыз қалдыру дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтыру үшін малдың иесін анықтау үшін шара жүргізіліп жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале