Келесі жылы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толады. Мерейтойға орай Сәкен Сейфуллин туралы фильм түсірілмек. Бұл туралы ҚР-ның Мәдениет және спорт министірі Асхат Оралов telegram каналында жазды.
- Азаматтарды алғаш рет арнайы ашылған орталықта қабылдадым. Мәдениет және спорт министрлігінің назарын талап ететін мәселелермен таныстым. Қабылдауда көтерілген тақырыптардың бірі Солтүстік Қазақстанда туризмді дамыту болды. Шалқар көлінің жанында үлкен туристік нысан салу жобасының авторларымен кездестім. Жоба 2019 жылдан бастап СҚО әкімдігімен бірлесіп әзірленіп жатыр, сондай-ақ «Kazakh Tourism ҰК» АҚ мақұлдаған. Алайда оны жүзеге асыру үшін қолайлы жер учаскесін бөлу қажет. Бұл мәселе әкімдіктің құзыретінде, заңнамалық деңгейде шешуді, сондай-ақ ЖАО және Экология министрлігімен бірлесіп жұмыс істеуді талап етеді. Тағы бір мәселе — кәсіби гидтердің жетіспеушілігі. Мұндай кадрларды даярлау отандық туризмді дамытуда өте маңызды, сондықтан біз бұл мәселемен де белсенді айналысамыз.
Келесі жылы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығын мерекелеу тақырыбы да талқыланды. Актер және жазушы Қанат Жүнісов көрнекті жазушы және қоғам қайраткеріне арналған фильмнің сценарийі мен операсын ұсынды. Ұсыныс қызық. Әсіресе, опералық қойылым. Біз отандық авторлардан спектакльдер санын көбейтуге бағыт алдық, сондықтан бұл мәселе мұқият зерттеледі. 2030 жылға қарай қазақстандық авторлардың қойылымдарының санын 600-ге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Қабылдау кезінде фильм түсіру және ерекше қажеттіліктері бар артистерге арналған концерттік алаңдарды ұсыну үшін қолданылатын ретро техниканы сақтау мәселелері көтерілді. Мен жауапты комитетке осы ұсыныстарды егжей-тегжейлі қарастыруды тапсырдым. Сондай-ақ қабылдауда әнші Алтыншаш Мұқатаева болды. Ол біздің министрліктің қолдауымен шығармашылық жолын жалғастыруға ниет білдірді. Біз әрқашан ерекше қажеттіліктері бар әртістердің және инклюзивті шығармашылық ұжымдардың өнерін қолдаймыз. Мұндай кездесулер мұнымен тоқтамайды. Бұдан бөлек өңірлерді аралап, тұрғындармен есептік кездесулер өткізуді жалғастырамын, - деп жазды Асхат Оралов.