24.07.2023, 17:15
Оқылды: 44

БҚО әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысының ұсталғаны рас па? Агенттік жауап берді

️️Бүгін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және telegram каналдарында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат тарады. Аталған ақпаратқа қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеме жасады.

ЖП Сыбайлас

- Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған адамдар ұсталған жоқ.

Қылмыстық істерді тергеу туралы барлық өзекті ақпарат Антикордың ресми сайтында және telegram каналында жарияланады. Азаматтардан ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуді сұраймыз, - делінген агенттік каналында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале