Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округі әкімі Шыңғыс Абдоллинге қазіргі таңда Атырау қаласында тұратын Бақытгүл Нұрғалиева деген ауылдас қызымыз хабарласып, Мәншүк Мәметова атындағы мектептің 2003 жылғы «А» сыныбы түлектерінің атынан мұқтаж жанға көмек көрсеткілері келетіндігі туралы ұсыныс түскен болатын.
Ауыл әкімінің бірнеше ұсынысының ішінен Женни Үмбетоваға қол ұшын созуға ниетті екендері анықталды. Ауылдасымыз Үмбетова Женни апамыздың берешектермен жұмыс жөніндегі коллекторлық компанияға өтіп кеткен 700 мың берешек сомасының 315 мың теңгесі түлектердің арқасында жабылды.
Нәтижесінде Ж.Үмбетованың көптен бері бұғатталған банктегі есепшоты ашылып, алдағы уақытта несиені өзі жабуға мүмкіндік алды.
Өз кезегінде ауыл әкімі Шыңғыс Абдуллин игі іске бастама болған Бақытгүл Нұрғалиеваға және сыныптастарына өз ризашылығын жеткізіп, түлектер атынан Женни апамызға қаржылай сертификат табыстады.
Еркебұлан Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz