Қазақстандық үш теннисші Астанада өтіп жатқан Президент кубогы үшін челленджер турнирінің екінші айналымына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: ktf.kz
Дмитрий Попко Президент кубогындағы алғашқы кездесуін өткізді.
Ол түркиялық Корай Кирчиді 6:4, 4:6, 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Попко ширек финалға шығу үшін өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен таласады.
Президент кубогының өткен жылғы финалисі Денис Евсеев жаңазеландиялық Аджит Раиды ұтты - 6:4, 6:1. Оның келесі қарсыласы - Израиль өкілі Орель Кимхи.
Тағы бір қазақстандық, 19 жастағы Ислам Орынбасар әлемнің 616-ракеткасы, үндістандық Прджвал Девті ұтты - 6:4, 1:6, 6:3. Теннисшілер кортта екі сағаттан астам уақыт бойы ойнады.
Ислам жарыстың 2-ракеткасы, жаңазеландиялық Бенджамин Локпен шеберлік байқасады.