30.07.2023, 0:37
Оқылды: 47

«Мектептегі бала санын сақтап қалуымыз керек»

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Жетікөл ауылындағы тұрғындармен кездесуде осылай деді.
IMG_0093
Округ әкімі Айболат Нұрмұхановтың сөзіне сүйенсек, округте мемлекеттік бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, ауылшаруашылығы саласында бірқатар жұмыстар атқарылған.
Атап айтсақ, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында шаруа құрылымдары тұқымдық түрлену жұмыстарына қатысып, 31 млн 759 мың теңге көлемінде субсидия алған. Ал, “Қарақұдық” шаруа қожалығы 14 млн 830 мың теңгеге 1 трактор алды. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табады.
IMG_0094
Жетікөл бастауыш мектебінің 2022-2023 жылдардағы оқу жылында 6 оқушы біліп алса, шағын орталықта 6 бала тәрбиеленеді. 4 мұғалім, 1 тәрбиеші білім беретін білім ордасының оқушылары ыстық тамақпен қамтылмаған.
 IMG_0095
Жетікөлдегі жиында халық бастауыш мектептегі бала санын сақтап қалу, мал жайылымы, тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру мәселелері қозғалды.
IMG_0100
IMG_0106

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале