31.07.2023, 11:15
Оқылды: 39

Үрімшіде Орталық Азия – Қытай зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі алғашқы ыорум өтті

Жуырда қазақстандық делегация Орталық Азия – Қытай зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірінші форумға қатысты.

d73d6db880574baef74ddba2cac28713_1280x720

ҚР-ның Әділет министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шараны өткізу өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жаңа жоспарды іске асыруға, сондай-ақ 2023 жылғы мамырда Мемлекет басшыларының (Сиан қ., ҚХР) қатысуымен өткен «Орталық Азия-Қытай» саммиті әзірлеген «Бір белдеу, бір жол» жобасын салуға бағытталған.

ДЗМҰ қолдауымен ҚХР Ұлттық зияткерлік меншік басқармасы мен СУАР халық үкіметі ұйымдастырған форум жұмысына Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) және Қытайдың зияткерлік меншік ведомстволары мен департаменттерінің басшылары қатысты.

Форум күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі зияткерлік меншік мәселелері бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдау болды. Бірлескен мәлімдеменің мақсаты-өзара сыйластық, ынтымақтастық және өзара тиімділік тұжырымдамасын қорғау арқылы Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, өңірлік инновациялық әлеуетті арттыру, нарықтың өміршеңдігін ынталандыру, Қытай мен Орталық Азияның одан да тығыз ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ зияткерлік меншік ведомстволары басшыларының тұрақты кездесулерінің тетігін құру.

Диалог алаңы Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы өзара сенімді нығайтуға, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы халықаралық және практикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесуге бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале