29.07.2016, 9:33
Оқылды: 12

Жәрдемақы төлемдері туралы түсінік берілді

жәрдемақыҚаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлерімен кездескен «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті Қаратөбе аудандық бөлімшесінің басшысы Сағима Далабаева ұжым мүшелеріне зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылардың төленуі, балалы отбасыларына берілетін жәрдемақы туралы түсінік берді.


Бөлім басшысы С.Далабаева баланың туылғандығы туралы құжаттар, баланы бір жасқа дейін күту бойынша жәрдемақы тағайындау «Электронды үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылатындығына тоқталып, міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін  әлеуметтік төлемдердің есептелуі туралы және бюджеттік субсидия жайында түсінік жұмыстарын баяндады.

Жиында зейнетақымен  қамсыздандыру туралы ҚР-ның 2013 жылғы 21 маусымындағы №105-v Заңына сәйкес, зейнеткерлікке 5 және одан да көп баласы бар әйелдер 53 жаспен шығатындығы, олардың еңбек өтілі 01.01.1998 жылға дейін есептелетіндігі жөнінде баса айтылды.

Серікбай ХАСАНОВ
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале