«Достық» саябағында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздігімді жырлаймын» атты поэзиялық кеші өтті.
Кеште жас жеткіншектер мен барша поэзия сүйер жастар Тәуелсіздік туралы өлең шумақтарды нақышына келтіре орындап, сонау өткен жылдардың көрінісін көз алдымызға әкелгендей болды.
Сондай-ақ аудандық мәдениет қызметкерлері әннен шашу шашса, викториналық сұрақтар да қойылды. Ал аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен көрме көрсетіліп, кітапханашылар жаңа оқулықтарды таныстырып өтті.
Ауылдағы жаңа отау құрып жатырған жастар арнайы келіп, поэзия кешінің куәгері болды.
Кеш соңында шараға белсене қатысқан жастарға алғыс хат табысталды.
Әсем БОЛАТ
Қазталов ауданы
www.zhaikpress.kz