9.08.2023, 13:00
Оқылды: 22

АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан туристері Қазақстанда орта есеппен қанша күн өткізеді?

eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша туристік мақсатпен келген АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан азаматтары Қазақстанда орта есеппен 4 күн өткізеді.

1c506a8f-cc6d-4082-90db-6b3d50cf2a74

Бұл туралы ҚР-ның Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде аялдау мерзімі бойынша Өзбекстан азаматтары көш бастап тұр. Көрші елдің туристері Қазақстанда 10 күнге дейін тоқтайды.

Ал, Ресейлік туристер 6 күн, Беларусь азаматтары 5 күн, Германия туристері 4 күн болса, Қытай азаматтары елімізде 3,5 күн өткізеді екен.

«eQonaq жүйесі - елімізге келген туристер ағынын бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру және тағы басқа бірнеше маңызды функцияны орындайды. Басты мақсат - туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Жүйеге 3214 орналасу қызметін ұсынатын кәсіпкерлік нысаны тіркелген», - деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале