9.08.2023, 12:00
Оқылды: 182

БҚО-да «Orle» жобасы үшінші жыл жұмыс жасап жатыр

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында «Orle» жобасы аясында көкөніс өсіру бойынша трениң өтті.

IMG-20230809-WA0018

Онда әлеуметтік осал топқа жататын облыстың 20 тұрғыны қарқынды оқыту сессиясына қатысты.
Қатысушылар жобаға қатысуға арналған ашық байқау арқылы іріктелді.

Бұл Орталық Азияның Еуразия Қоры мен Шелл Қазақстан компаниясының ынтымақтастығымен өңірде «Orle» жобасын іске асырудың үшінші жылы. Жыл сайын жобаға қатысуға деген жергілікті тұрғындардың қызығушылығы мен құштарлығы артып келеді. Бұны биыл келіп түскен өтінімдердің санынан да байқауға болады.

Жалпы 235 өтінім түссе, олардың жартысынан көбі – БҚО-дан. Көкөніс өсіруден басқа, Orle-нің екінші бағыты бар. Ол – қолөнер.

Көкөніс өсіру негіздері бойынша оқытылған 20 адамның 7-уі өз ісін бастау үшін инвестиция ала алады. Комиссия сапалы және тиісті өтінімдерді бағалайды. Онда өтініш берушілер өздерінің толыққанды бизнес-идеяларын, жылыжайда не өсіргісі келетінін және өз өнімдерін қалай сатуды жоспарлап отырғанын ұсынады.

IMG-20230809-WA0020

«БҚО әкімдігіне, ауыл шаруашылығы басқармасына жобамызды техникалық тұрғыдан қолдағаны және трениң өткізуге арналған залды ұсынғаны үшін алғыс айтамыз. Оқудан өткендердің арасында көпбалалы аналар, тіпті әкелер, жұмыссыз жастардың өкілдері, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар және көру қабілеті нашар бірнеше адам бар. Олар - Орал, Теректі, Тасқала, Бөрлі және Бәйтерек аудандарының тұрғындары», – деп түсіндірді «Orle» жобасының үйлестірушісі Ақмарал Қарлыбаева.

– Трениң барысында олар жеке учаскеде пленкалы жылыжайлар салу бойынша білім алды. Агротехника негіздерін және көкөніс көшеттерін өсіру әдістерін игерді, өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларымен күресу әдістері туралы білді, - дейді Ақмарал Қарлыбаева.

Сондай-ақ трениңге қатысушылар бизнес-жоспарға қатысты білім негіздерін меңгеріп, бизнес-жоспарлар жазу, көкөністер мен жидектерді өсіру кезіндегі кірістер мен шығыстарды есептеу бойынша практикумға белсенді қатысты.
Көкөніс өсіру бойынша трениңді жоба серіктестері – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Жергілікті қоғамдастық қорының өкілдері жүргізді.

IMG-20230809-WA0024

Ерлі-зайыптылар Тимур мен Эльвира Рахымғалиевтар - көпбалалы жұп. Олар оқуға 20 күндік сәбиімен келді. Анасы қаржылық сауаттылықтың негіздерін түсініп, көкөніс өсіру туралы білім алған кезде, әкесі баланы қарап, сонымен қатар отбасылық бизнес-жоспар жазуға қатыса алды. Ерлі-зайыптылар грант алғысы келетінін, сатылымға ерте пісетін құлпынай мен көкөністер өсірілетін жылыжай салғысы келетінін айтты.

Жобаның тренері, агроном Павел Кавунов «Orle 3.0» жобасының қатысушыларымен екі күндік жұмыстың нәтижелеріне риза екенін атап өтті. Барлық оқу сессиясы барысында оның оқушылары оқуға қызығушылық танытып, көптеген сұрақ қойды.

- Адамдардың ауыл шаруашылығына деген қызығушылығы бар екені анық, олардың көздері жанып тұр.

Екі күндік оқудан кейін біз төрт күн бойы онлайн оқуды жалғастырамыз. Осыдан кейін барлық қатысушы өздерінің бизнес-жоспарларын жаза бастайды. Өз учаскелерінде жылыжай орнатуға грант ұтып алғандармен біз жыл бойы бірлесе жұмыс жасаймыз. Жақтауды орнатқан сәттен бастап алғашқы ерте пісетін көкөністерді өсіруге дейін тәлімгерлік қолдау көрсетеміз, - деді жоба менеджері.

Көкөніс шаруашылығы бойынша оқыту трениңтері әлеуметтік осал топтардың өкілдері үшін «Шелл Қазақстан» компаниясының серіктестігі мен қаржылық қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры іске асыратын «Orle 3.0» жобасының бөлігі.

«Orle» жобасы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына көкөніс өсіру және қолөнер дағдыларын меңгеруге, сондай-ақ үздік қатысушыларға микробизнесті дамыту және экономикалық жағдайды жақсарту үшін бастапқы инвестицияларды алуға көмектесуге арналған.

«Orle» жобасының өткен екі кезеңінде 118 адам көкөніс өсіру және қолөнер негіздерін меңгерді.

Алған білімі мен жоба қолдауының арқасында 17 қатысушы өтеусіз ақшалай инвестиция алып, ісін сәтті бастады. Ал 15 адам қолөнер саласында микро-бизнес бастады. Бұл жетістіктер жергілікті фермерлердің орташа табысының 27%-ға және қолөнершілердің табысының 31%-ға өсуіне әкелді.

Орталық Азияның Еуразия Қорының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале