4 тамыз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысындағы департаментінің шекарашылары бес шетел азаматын ұстады.
Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар белгіленген өткізу пунктінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына заңсыз кесіп өтпек болған.
Шетелдіктер Қазақстан Республикасына ұшақпен турист ретінде келген.
Алдын ала мәлімет бойынша олар Еуроодақ елдеріне жол тартқан.
Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылған.
zhaikpress.kz