9.08.2023, 15:45
Оқылды: 53

Аманаттықтар: «Біздің мақсатымыз азаматтарға тең мүмкіндік қалыптастыру»

Дәл осындай қағидатты ұстанған аманаттықтар Батыс Қазақстан облысындағы аудандарды аралап, қолжетімділікті тексеріп, әлеуметтік маңызы бар нысандарды тексерді.

WhatsApp Image 2023-08-09 at 15.09.54 (1)

Казталов ауданында «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің және Қазталов аудандық партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті.

WhatsApp Image 2023-08-09 at 15.09.53 (3)

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, БҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл және кеңес мүшесі Шаттық Өтебалиева, бірқатар кеңес мүшесі онлайн-режимде, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің және Қазталов аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында аудан орталығындағы 600 орындық мектептің құрылысы, Казталов мектеп-лицейінің күрделі жөндеу жұмысы, мектеп-лицей жанындағы жатақхана, «Қазпошта» АҚ Казталов аудандық байланыс бөлімі, «Halyk Bank» АҚ Казталов аудандық филиалының, «Әулет» дүкенінің жұмысымен және аудандық экономика және қаржы бөлімі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық жер қатынастары бөлімі, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері орналасқан ғимаратпен танысты.

Кеңес және аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аталған мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға толық жағдай жасалмағандығын атап өтті.

- Бүгін комиссия мүшелерімен мүмкіндігі шектеулі жандардың аудан орталығындағы нысандарда қызмет алуына қолжетімділігін анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді. Салаға жауапты аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен халыққа қолжетімді мекемелердің арасында өзара байланыстың жоқтығы байқалады. Себебі біз қарастырған ғимараттарда мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалды дегенімен, белгілі талапқа сай келмей тұр. Бұр жерде мүмкіндігі шектеулі жанға жағдай жасай алмай отырғанымыз және мәселені қалпына келтіру мақсатында қайта қаржыландыру қажеттігі туындап отыр, - деді «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің мүшесі, БҚО ерікті мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов.

Кеңес мүшелерінің Қазталов ауданына жұмыс сапары аясында аудан әкімі жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия және аудандық аналар кеңесі мүшелерінің қатысуымен отбасы құндылықтарын дәріптейтін, ұрпақ тәрбиелеу және әйел құқығын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

WhatsApp Image 2023-08-09 at 15.09.53

Аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалығымен өткен жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева баяндама жасап, отбасындағы түйткілді мәселелер талқыланды. Сонымен қатар психолог-тренер Гүлнар Қабылованың ұйымдастыруымен тренинг өтті.

Ал күннің басты оқиғасы «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңес пен Қазталов аудандық партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысында аудандағы нысандарда қолжетімді ортаны қалыптастыру бойынша жұмыс, жаңа оқу жылына дайындық және аудандағы білім нысандарының (интернаттармен қоса) құрылысы мен күрделі жөндеу жүргізу туралы, ауылдық аумақтардың проблемаларын шешу, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы, Орал қалалық мәслихатының депутаты Азима Зиннатқызының төрағалығымен өткен жиында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Артур Берденов, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Айжан Жағыпарова, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова баяндама жасап, жиынға қатысушылардың сауалына жауап берді.

- Партияның кезекті көшпелі отырысы Казталов ауданында өтіп отыр. Казталов ауданы бойынша 51 әлеуметтік нысанның қолжетімділігі және «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асуы бойынша жол картасындағы міндеттердің орындалуы мәселесі қаралды. Біздің мақсатымыз азаматтарға тең мүмкіндік қалыптастыру, - деді Азима Зиннатқызы.

Отырыста көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, тиісті тапсырмалар берілді. Бірқатар бөлім мен мекеме басшысына мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді жою талап етілді.

 

«AMANAT» БҚОФ

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале