9.08.2023, 17:00
Оқылды: 45

Батысқазақстандық спортшы Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында 4 тамыз тоғызқұмалақтан VI Азия чемпионаты басталды. Чемпионат 12 тамызға дейін жалғаспақ.

363836502_6165452963566173_2638208829743631902_n

Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Бангладеш, Филиппин, Ресей Федерациясының Алтай және Саха Республикасы, Түркия, Түрікменстаннан 200-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Батыс Қазақстан облысының спортшылары да бақ сынап жатқан бәсекеде 14 жасқа дейінгі ұлдар арасынан жаңақалалық Нұрәлі Арматұлы күміс жүлдегер атанды.

Нұрәлі Арматұлы осы кезге дейін екі мәрте ҚР чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.

Жаңақала ауданы,

А.Қазиева

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале