29.07.2016, 15:22
Оқылды: 62

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес отырысы өттіБөкей ордасы ауданында 27 шілдеде қоғамдық кеңес отырысы өтті.


Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Қ.Таңатов аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 28 желтоқсанындағы №14-9  «Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» және 2013 жылғы 12 шілдедегі №11-3 «Бөкей ордасы ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу жөнінде аудандық жұмыспен қамту жайында баяндамасы тыңдалды.

Ал әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Е.М.Сержановтың, «Қазақстан Республикасының жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының нормаларын түсіндіру хақында» және аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Р.Ғ.Кариннің хабарламалары тыңдалып, талқыланды.

Бөкей ордасы ауданы әкімі Н.С.Рахымжанов пен оның орынбасары Р.М.Зұлқашев сөйлеп, жер қатынастарына заманауи тұрғыдан түсінік бергенімен, қосымша сауал тастағандары болмаса, ешкім шешіліп пікір айтпады.

Сонымен қатар отырыста аудандық қоғамдық кеңес төрағасы С.Қ.Таңатов өз сөзінде жер мәселесіне қатысты ұсыныс-пікірлерін жіберуді сұрап, барлық ауылдық округ әкімдеріне хат жолдағанын, бірақ ордалықтардан өзгесі әлі күнге тым-тырыс екенін де айтты.

К.ҒАЙСИН
Бөкей ордасы ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале