Биыл Сырым ауданында орта мектепті 176 түлек бітірді. Ал Ұлттық бірыңғай тестті 171 бала тапсырды.
Көрнекі фото
«Алтын белгі» иегері 17 болса, 11 түлек үздік аттестатты меншіктеді. Мемлекеттік грант иегері атанған – 105 түлек.
Абай орта мектеп-балабақша кешенінің үш мектеп бітіруші түлектерінің үшеуі де білім грантын иеленді. Бұдан кейін тізімде Сырым лицейі тұр. Лицейдің 9 түлегінің 8-і грантқа оқуға түсті. Аралтөбе орта мектебінің 4 мектеп бітіруші түлегінің үшеуі – грант иегері. А.Жұмағалиев атындағы орта мектепті 10 түлек тәмамдаса, 7 түлек мемлекеттік білім грант иегері атанды.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz