11.08.2023, 11:30
Оқылды: 72

Жұрт осы Сейіт бабаны біле ме екен?

Біле жүріңіз!

Бөкей хандығы тұсында өмір сүрген әулие-әмбиелердің бірі - Сейіт баба екен.

2a385ff8-5c3b-4055-8791-61c7241e30c0

Көрнекі фото

Шын есімі Сейтмұхамбет ұлты әлде түрік, әлде қарашай, әлде ноғай болып түрлі айтылады. Содан Сейіт баба туралы әңгімелер Бөкей ханның құлағына жетеді. Бір күні Бөкей ханның түсіне енген Сейіт бабаны хан шақыртады. Сейітті алдына алдырған Бөкей хан «сені түнде түсімде көрдім, не қылған адамсың хандығымның құтысың ба, әлде жұтысыңба?» дейді. Сонда Бөкейді ықыласпен тыңдаған Сейт баба сіздің түсіңізге кіргенім, сізге аманатымды айтайын дегенім еді дейді. Мен ерте ме, кеш пе бұл дүниеден өтемін, сізден өтінішім қабірімді ешкім баспайтындай етіп қоршатсаңыз болғаны дейді. Сонда Бөкей хан «сенің өлгеніңді, қабіріңді қалай білем?» деген екен. Сонда Сейіт баба «оның еш қиындығы жоқ, менің қабірімнің басында анау сіз қолданып жүрген құманыңыз тұрады» депті. Содан күндер өтеді. Бірде таң сәріден оянған Бөкей үй алдындағы қыратқа шықса қыраттағы жас топырақ пен оның басындағы құманын көріп таң-тамаша болады. Осылайша, Сейіт баба қабірі ханның әмірімен қоршалып, кейін Бөкейдің өзі сол қорымда жерленген екен...

Зулхожа

Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале