БҚО-да ұлттық ойындардан төрт жылда бір өтетін облыстық фестиваль өтіп жатыр.
Дәл осы байрақты бәсекеге ерекше дайындықпен аттанған жәнібектік спортшылардың қанжығасы майланды.
Орал қаласы мен Бәйтерек ауданы аумағында ұлттық спорт түрлерінен өтіп жатқан VI фестивалінен ақжолтай хабар жетті.
Атап айтсақ, қазақ күресінен командалық есепте ІІ орынға тұрақтаса, жамбы атудан жүлделі І орынға болған. Көкпардағы тоғыз бірдей топтың ішінен үздік үштіктен көрінсе, аударыспақта жеңіске жетті. Теңге ілуден жүлделі ІІ орынды ұтып алған.
Әлібек Қаржау
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz