Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Д.Закариннің төрағалық етуімен «Ауыл кәсіпкерлігін дамыту» туралы семинар-кеңес өтті.
Семинарға облыстық Кәсіпкерлік басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы, «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Орал» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, ауылдық округ әкімдері, салалық мекеме-ұйым басшылары және кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жетекшілері қатысты.
Осы орайда кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары, табысқа жету факторлары, бизнес-жоспардың құрылымы, кәсіпкерлікті дамытудың заңдылықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылар кәсіпкерлікті ашу мен шұғылдану, қалай дамыту керектігі туралы өз ойларын ортаға салып, тиісті мамандардан кеңес алды.
Н.ЕСЕТОВА
Жаңақала ауданы
www.zhaikpress.kz