1.08.2016, 9:21
Оқылды: 24

Демалыс алаңқайы ашылды

Демалыс алаңқайы ашылды Теректі ауданында  Достық үйі қарамағындағы соңғы уақытта жабылып тұрған демалыс алаңқайы жаңа кейіпке еніп, аудан халқын қабылдай бастады.


Алаңқайдың ашылуына аудан басшысының орынбасары А.Тоқжанов арнайы келді. Халықтың демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында ашылған алаңқай өзгеріске еніп, көз сүйсінер жағдайға жеткен.

Дәл осы күні демалыс орнында ине шаншар орын болмады. Алаңқайдың ашылуы күнінде 80-ші жылдардың әндері шырқалып, шулаған халықтың үнінен құлақ тұнды.Демалыс алаңқайы ашылды2

Мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары Т.Жексенбаев, Г.Құсайынова, В.Шаяхметова, К.Қадырғалиева, Ғ.Ғалымов және халық арасынан Ж.Аманбаева мен С.Бекқалиев әуезді әндер шырқап, дүйім жұрттың көңіл күйін көтеріп тастады. Сонымен қатар, викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетерлік жайт – демалыс алаңқайы әр аптаның сенбісінде аудан халқын күтеді.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ
Теректі ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале