Бүгін Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың және аудандық спорт клубы ұйымдастыруымен шағын футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Алдымен аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен ауданның намысын облыстық, республикалық деңгейде қорғап жүрген Алтынбек Бижанов футбол алаңының лента қию рәсімін жасады.
Бүгінгі Спорт күніне тұспа-тұс келіп отырған 1993, 1994, 1996, 1997, 1999, 2000, 2001, 2005, 2007 жылғылар арасындағы шағын футбол құрамалары ортаға шақырылды.
Ауданымыздың көркем көрінісіне көрік беріп ашылғалы отырған шағын футбол алаңының ашылу салтанатымен Алпамыс Жаңабайұлы құттықтау сөз сөйледі.
Әрі қарай жиын Әсел Асқарованың орындауындағы әсем әнмен жалғасын тапты.
Көлемі 800 метр квадрат, жалпы шығыны 15 миллион теңге болатын футбол алаңының құрылысын «Полимертех» ЖШС атқарған.
Шара соңы аудандық жастар спорт клубы мен «Темір Бүркіт» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен құрдастар арасындағы шағын футбол ойынымен жалғасты.
Жанна Миха,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz