Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев алтын құрсақты, алты баланың анасы жымпитылық Айнагүл Искаковаға «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын табыс етті.
Айнагүл Ержанқызы үй шауасын дөңгелетіп отырған ана балаларының жақсы білім алуына және тәрбиесіне үнемі көңіл бөледі.
Тұңғышы Ақторғын Орал қаласындағы Батыс Қазақстан университетінің төртінші курс студенті, болашақ хореограф. Екінші ұлы Бекзат Батыс Қазақстан аграрлық колледжінің «Құрылыс» мамандығы бойынша ІІ курс студенті, әр түрлі спорттық шараға қатысып, дзюдо, самбо күресінен жүлделі орындар алып жүр. Ортаншы балалары Ерасыл, Гүлзат, Асылзат Қадыр Мырзалиев атындағы орта мектептің оқушылары, оқу үлгерімдері жақсы. Кіші ұлы Ералыхан 2022 жылы дүниеге келген.
Аудан әкімінің орынбасары Артур Мұратұлы еліміздің демографиясына үлесін қосып, балаларының тәрбиесіне де жауапкершілікпен қарап жүрген отбасыға амандық тіледі.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz