18.08.2023, 10:30
Оқылды: 36

Судья пара алды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп өткізген жасырын шара нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге пара алғанын әшкереледі.

ЖП ақша

Агенттіктің хабарлауынша, судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінген.

Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берген.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале