18.08.2023, 11:45
Оқылды: 48

БҚО-да жол апатынан екі адам қайтыс болды

Бүгін түнгі он екіде Орал-Атырау тасжолының 28-інші шақырымында Бәйтерек ауданының Щапов ауылының маңында екі көліп соқтығысып, жол апаты болды.

1071472f-0771-42ab-9a84-8d87e4249aac

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Газель» маркалы автокөлігін тізгіндеген 1992 жылы туған жүргізуші қарсы бағыттағы жолға шығып, 1979 жылы туған жүргізуші жүргізіп келе жатқан «VolkswagenPassat» автокөлігіне соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан  «VolkswagenPassat» көлігінің жүргізушісі және сол көлікте болған 1993 жылы туған әйел оқиға орнында көз жұмған.
«VolkswagenPassat» көлігіндегі 1986 жылғы және кәмелетке толмаған 2021, 2019 және 2011 жылы туған жолаушылар ауруханаға жатқызылған.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

zhaikpress.kz,

Фото: whatsapp желісінен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале