18.08.2023, 14:30
Оқылды: 29

Педагог сапасы артқанымен оқушы саны азайып тұр

Бөкей ордасы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тілеген Арыстанбековтің төрағалығымен өткен отырыста бір емес, бірнеше мәселе қаралды. Атап айтсақ, аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Раушан Абдоллина бюджет есебінен мәлімдеме берсе, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бисенбек Насимоллин мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы есеп берді.

КЕНЕС

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Сисенов, жер қатынастары бөлімінің басшысы Руслан Карин мен аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қоблан Жанғалиевтер өз салалары бойынша қаржының игерілуі барысы туралы хабарлама жасады.

Аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Раушан Абдоллинаның айтуынша, 2023 жылдың алты айы бойынша бюджеттің кіріс бөлімінің 1 583 053,0 мың теңге, орындалуы 1 702 681,0 мың теңге. Яғни, 107,6%-ға артығымен орындалып тұр. Салық түсімдері де артығымен орындалуда екен. Жоспарланғаны 485 439,0 мың теңге болса, орындалғаны – 568 027,9 мың теңге.

Ауданда 17 білім беру нысаны бар. Оның 9-ы орта, 8-і бастауыш. Бұған қоса төрт бөбекжай мен төрт қосымша білім беру орталығы. Аудан бойынша 240 орынға арналған төрт мектеп жанынан интернат жұмыс жасайды.

 - 2023 жылдың 1 сәуірінен бас 1 тамыз аралығында 1-сыныпқа қабылдау жүргізілді. Жоспар бойынша 322 баланы қабылдану керек еді. Алайда  274 ата-анадан өтінім түсті. Былтыр 318 бала қабылданған болатын. Өткен оқу жылын 2 628 оқушымен аяқтасақ, биылғы оқу жылын 2743 оқушымен бастау жоспарланып отыр.

Білім сапасы – педагог-мамандардың біліктілігінің көрсеткіші десек, аудандық білім беру ұйымдарындағы педагогикалық ұжымның сапалық деңгейі келесідей. 661 педагогтың 561-і жоғары білімді (86%). Педагогтардың сапалық құрамы 72%, бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 8%-ға артып тұр. Күні бүгінге дейін 167 педагог біліктілігін арттырды.

Биылғы оқу жылында әсіресе, жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне сұраныс көбейіп отыр. Сонымен қатар Б.Жәнекешов, М.Бегалиева атындағы мектептерде, аудандық музыка мектебінде және техникалық шығармашылық орталығының директор орнына вакансия бар.

Ал мектептердегі кітап қоры барлығы 125 119. Оның 77 341 оқулық, 28 239 көркем әдебиет және қалғаны әдістемелік құралдар. Жаңа оқу жылына 10 715 кітап жеткізіледі деп күтіліп отыр.

Білім беру нысандарының ахуалына тоқталсам, бір мектеп күрделі жөндеуден өтуде, қалған мектептер ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр. Бұған 6000,0 мың теңге қаражат қарастырылды. Мұның сыртында М-С.Бабажанов мектебінің есіктерін, еден жабындарын, кафельдерін ауыстыру, сырлау ақтау жұмыстары үшін 60000,0 мың теңге облыстық бюджеттен бөлінуде. Жұмысы қыркүйек айында жүргізіледі. Аталған мектептің жарықшамдары толықтай жаңартылды. 3700,0 мың теңгеге Ш.Жексенбаев мектебінің футбол алаңына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, жаңадан жасанды шөп төселді. Сонымен қатар 2300,0 мың теңгеге мектеп ауласына жылыжай құрылысы салынды. Жыл соңына дейін төрт мектептің жарық шамдарын 100 пайыз ауыстыру жоспарланып отыр.

Мектеп жанындағы интернаттарды балаларды қабылдау үшін жай жөндеу жүргізіліп жатыр. Тамыз айында өткен облыстық мәслихат сессиясында интернаттарды материалдық техникалық жабдықтау үшін біздің ауданға 22000,0 мың теңге қаржы қарастырылды. Сатып алынатын жабдықтар бөлімнің мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізілуде.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасына сәйкес ауыл мектептерін заманауи стандарттар бойынша жаңғырту аясында биыл шілде айында 35535,0 мың теңгеге М.Мәметова, А.Құсайынов, Жәңгір хан, Қ.Сағырбаев, Т.Масин, Жәрмеңке мектептеріне жиһаздар сатып алынса, М.Мәметова мектебі мен А.Құсайынов мектебі 28272,0 мың теңгеге физика, химия оқу кабинеттерімен жаңартылды.

Жыл соңына дейін М-С.Бабажанов мектебін «Қазақстан халқы қоры» арқылы барлық оқу кабинеттерін жаңа заманауи жадықтармен жабдықтайтын боламыз. Оған аталған қордан 250000,0 мың теңге қарастырылды. Осы мектептің барлық педагогтары қайта даярлаудан өткізілетін болады, – деді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бисенбек Насимоллин.

Баяндамашының айтуынша, мектептердің қауіпсіздігі де басты назарда екен. Бейнекамералар орнатылып, тікелей АІІБ-іне қосылған. Жылыту маусымына да толық дайын.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале