19.08.2023, 23:36
Оқылды: 56

Еселі еңбек, төккен тер, толағай жеңіс

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығымен тамыз айының үшінші жексенбісі «Спорт күні» кәсіби мерекесі ретінде аталып өтіледі. Аталмыш мерекеге орай, 17 тамыз күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов ардагер спортшылармен, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушылармен және «Айбын» спорт клубының нұсқаушыларымен салтанатты кездесу өткізді.

368227987_740918991377662_2917525163322241273_n

Салтанатты шара тізгінін ұстаған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев аудандағы спорттың дамуы мен спортшылардың жеткен жетістіктеріне тоқталып, аудан көлеміндегі бұқаралық спортты дамыту бағытында жүзеге асырылып жатырған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша бүгінде ауданымызда 33 спорт алаңы, 13 ірілі-ұсақты стритворк аут алаңдары бой көтерген және аудан тұрғындарының 39 пайызы тұрақты түрде спортпен шұғылданады екен.

367705132_740919094710985_6821140334908671065_n

Аудан көлемінде салаға қатысты атқарылған жұмыстар легін жалғастыру үшін сөз кезегі Казталов аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанболат Нұрқашевқа, Казталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Еркебұлан Ераховқа берілді. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен шәкірттердің жеткен жетістіктері, ашылған спорт нысандары жайында баяндаған азаматтар, баяндама мәтініндегі ақпараттарды слайд арқылы да көпшілік назарына ұсынды. Өз кезегінде «Айбын» спорт клубының директоры Нүркен Ахметов те саладағы атқарылған жұмыстар жөніндегі баяндамасын жасады.

366349353_740918941377667_4235138564851314768_n

Баяндамалар тыңдалып, жасалған істердің мәліметіне қаныққан соң кезек ұсыныс-пікір және сұрақ-жауап форматына ауысып, кездесуге қатысушылар саланы дамытуға қатысты көкейдегі ой-пікірлері мен сауалдарын жолдады. Жолданған сұрақтар бойынша нақты жауаптар беріліп, ұсыныстар назарға алынды.

Салтанатты шарада аудан әкімі Асланбек Сарқұлов сөз алып, жиналған жұртшылықты кәсіби мерекелерімен құттықтады.

368031250_741134171356144_8839261650262383470_n

- Спорт пен мәдениет ауыл-аймақ атын көпке танытатын, аудан намысын алға қоятын маңызды сала. «Спорт – денсаулық кепілі» дейді дана халқымыз. Келер ұрпақтың дені сау, ақыл-санасы жетілген салауатты болуы үшін спортпен шұғылданудың мәні зор. Алдыңғы баяндамада көрсетілгендей салада жеткен жетістіктеріміз жетерлік, дегенмен мәселелер де жоқ емес. Атап айтсам, аудандық спорт мектептері тек аудан оқушыларының санаулы пайызын қамтып отыр. Біз спорт мектептерінен тәлім алатын балалар санын молайтуымыз керек және соған мүмкіндік жасауға ұмтылғанымыз жөн. Саладағы түйткілді мәселелерді бірлесе шешу үшін тоқсан сайын кездесу ұйымдастыру керек. Ол кездесулер міндетті түрде аудан орталығында емес, басқа округтерде ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болады. Сол арқылы біз әр ауылдың спорттық әлеуетін бағамдай аламыз. Әр ауылда қажетті спорт түріне басымдық беріп, дамытуды қолға аламыз. Белгілі бір спорт түріне басымдық беруден ұтарымыз көп.

368041927_740918818044346_7429728852252162913_n

Саладағы тағы бір мәселе – көлік мәселесі. Аталған мәселені де әрдайым күн тәртібінен түсірмей, шешу жолын іздестіргеніміз дұрыс. Барлығын бірдей көлікпен қамту қазіргі уақытта мүмкін емес болғанымен, алдағы уақытта балаларды жарыстарға тасымалдайтын автокөліктің ауданға алынары анық. Ауылдар мен елді-мекендерде түлектер қолдауымен салынған спорт алаңдары жетерлік. Оларды күтіп ұстауды қамтамасыз ету үшін өз балансымызға алу керек. Аудандағы дарынды, спортқа деген бейімі ерекше балаларды арнайы мамандандырылған мектептерге жіберуіміз қажет. Сонда ғана олимпиададан алтын алып келетін келешек чемпиондарды тәрбиелей аламыз. Жалпы, аудан спортының аяқ алысы жаман емес. Жүйелі жұмыстар жоғары жеістіктерге жол ашады. Мереке құтты болсын, жеңісті күндеріміз көп болсын! – деді өз сөзінде аудан басшысы.

368212595_740919031377658_8126967125417960176_n

Салтанатты шарада 8 адамға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаты және спорт ардагерлеріне, әдіскерлер мен оқушыларға, оқушылар командасына, спортқа қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкер азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаты табыс етілді.

367705132_740919094710985_6821140334908671065_n

Салтанаты шара соңы аудан өнерпаздарының орындауындағы «Қазақ спорты», «Чемпиондар» әндерімен аяқталды.

368037105_740918981377663_4558096272185585503_n

368063644_740919351377626_3300639461929814200_n

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале