Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша құрылған комиссияның отырысында үш мәселе қаралды. Алдымен, мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті өзге де тұлғалардың ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының тиісті талаптарын сақтауының жәй-күйі туралы аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқару бөлімінің басшысы Шыңғыс Абдоллин баяндаса, ауылдық округ әкімі аппараттарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде Ұялы және Мұратсай ауылдарындағы жағдай тыңдалды. Ал, бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс тапқан мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жарияланымдардың мониторингі мен аталмыш кеселдердің алдын алу қызметінде баспасөздің рөлін арттыру туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Сайран Хамзин мәлім етті.
Аудан әкімі әрі аталмыш кеңес төрағасы Нұрлан Сағынтайұлы отырысты қорытындылай келе, орын алған кемшіліктерден тиісінше сабақ алып, жалпы құқық бұзушылықты болдырмау бағытында нақты шаралар белгілеуді тиісті орындарға тапсырды.
Ж.ОРДАБАЕВ
Бөкей ордасы ауданы
www.zhaikpress.kz