«Жайық пресс» ақпарат агенттігінің редакциясы Мөңкеұлы 91/3 мекен жайындағы көпқабатты үйдің жағдайын айтып видеоматериал шығарған едік. Редакция сынынан кейін мердігер компания жіберілген олқылықтарды жөндеуді бастады.
- Қазіргі уақытта көп қабатты үйдің айналасы мен ауласында құрылысшылар жұмыс істеп жатыр. Жіберілген олқылықтар толығымен жойылады, - деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, 17 тамыз күні біздің тілшілер Мөңкеұлы 91/3 мекен жайындағы үйдің жағдайымен танысып, тұрғындармен сөйлесіп қайтқан болатын.
Сонда тұрғындар үйдің жертөлесі үнемі суға кететінін, сәл жауын жауса үйдің шатырынан су кететінін, үйдің айналасындағы құрылыстан қалған шұңқырлардың бітелмей жатқанына, балалар ойнайтын ойын алаңының жоқтығына шағымданған болатын.
zhaikpress.kz