Батыс Қазақстан облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған тоғыз шетелдікті ұстаған.
Алдын ала мәлімет бойынша олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.
17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандар жауапкершілікке тартылған.
Айта кетейік, 2023 жылдың басынан БҚО-да мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталған.
zhaikpress.kz