24.08.2023, 11:30
Оқылды: 47

Жаңа билік құру жолы

Біле жүріңіз!

Өлкеде Кеңестер билігін орнату қызу және қарқынды жүргізіле бастады. Айталық, 1920 жылдың 21 шілдесінде Оралда, 1920 жылдың 20 шілдесінде Електе және Калмыковта, 1920 жылдың  5 тамызында  Жымпитыда, 1920 жылдың 15 тамызында Ойылда, 1920 жылдың  25 тамызында Гурьевте кеңестер билігі жарияланды.

жп су

Бұл кезде Оралда- 134 000, Електе - 164 000, Калмыковта - 70 000, Гурьевте - 120 000, Ойылда - 68 000 тұрғын шамасында халық бар деп саналды. Бір ескеретін нәрсе сол тұстағы  санақ бойынша өлке тұрғынының 70%-ын қазақтар құраған. Жергілікті жерлерде уездер (аудандар) сиездері тездетіп  шақырыла бастады.

Мәселен, 1920 жылдың 21-25 шілдесі күндері өткен Орал уезінің кеңестер сиезі алғашқылардың қатарында кеңес билігін жақтап жергілікті сиезін шақырды. Сиезге Орал қаласынан 41 делегат пен уездік болыстықтардан 76 делегат қатысқан.

Сиездің президиумына Сурков, Заромский, Ипмағамбетов, Алексеев, Смыслов, Панов, Реуто сайланады.

Басқосуда уездің ағымдағы жағдайы, жергілікті билікті ұйымдастыру, шаруашылықты жүргізу, қаржы мәселесі, алдағы губерниялық сиезге делегаттар сайлау секілді күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Сиез соңында  делегаттар шешімімен 1-ші Орал губерниялық кеңестер сиезіне Орал қаласы мен уезі атынан Струппе, Самсонов, Михалин, Ходырев, Сурков, Миронов, Шамов, Заромский, Чебатарев, Почиталин, Алексеев, Ипмағамбетов, Панов, Смыслов, Роганов ұсынылды.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале