24.08.2023, 17:15
Оқылды: 60

Уездер мен сиездер

Біле жүріңіз!

Жаңадан құрылған Орал губерниясы әкімшілік бірлікте жергілікті уездердің сиезін шақырудың кестесі бекітілді.

жп дала

 Көріп отырғанымыздай өлкеде кеңес үкіметін орнату тез әрі жедел шақырылған сиездер арқылы іске асырыла бастайды. Ондағы міндет қалайда жаңа форматта жұмысшы билігін орнату арқылы таптық теңдікті ұранға көтеріп, социалистік қоғам құру еді. Сонымен өңірде алғашқы кеңестік әкімшілік-территориялық басқаруда Орал губерниясының шекара аймағы төмендегі уездерде белгіленді.

Олар: Орал уездігі 16 болыстықта 152 ауыл кеңесі құрамында 294 елді мекен, Елек уезі 21 болыстықта 138 ауыл кеңесі құрамында 138 елді мекен, Гурьев уездігі 21 болыстықта 174 ауыл кеңесі құрамында 174 елді мекен, Жымпиты уезі 19 болыстықта 125 елді мекен, Калмыков уезі 15 болыстықта, 90 ауыл кеңесі құрамында 90 елді мекенді құрады.

 Ондағы халық саны Орал уезінде - 62515 адам, Елек уезінде - 71117 адам, Гурьев уезінде - 87 563 адам, Жымпиты уезінде - 75 253 адам, Калмыков уезінде - 52 669 адамды қамтыды.

Ал Жалпы губерниялық сиезд 20-21 қыркүйек күндері Оралда өтетін болды.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале