24.08.2023, 13:00
Оқылды: 28

Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысына қатысады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысына қатысу мақсатында Цахкадзор қаласына (Армения) барды.

84b47a3c-e593-4876-b94c-049c13a81f1d

ЕАЭО елдері Үкіметтерінің басшылары 2030 және 2045 жылдарға дейінгі интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытуды, сондай-ақ өзара сауданы арттыру, ішкі нарықтағы әкімшілік кедергілерді жою және басқа да бірқатар мәселелерді талқылайды деп күтілуде.

ffbf5989-25fa-4cd5-856c-24f9d179bb80

Сонымен қатар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды аралық қорытындылау жоспарланып отыр.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале