24.08.2023, 15:30
Оқылды: 68

БҚО-да мұғалімдердің тамыз кеңесі өтіп жатыр

Биыл білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбымен өтіп жатыр. Облыстық тамыз кеңесінің отырысына Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев, аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысуда.

e6ab53b0-49f9-4564-a82f-8dd7a25a97d8

Кеңес облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның баяндамасынан басталды.

- Қазіргі уақытта облыс бойынша 15104 педагог бар. Мұғалімдер заманауи білім беру дағдыларын меңгеріп, үнемі ізденісте жүреді. Тәрбие мен оқу егіз екенін ескерсек, біз ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып адал, білімді ұлтжанды ұрпақ тәрбиесін жалғастыра береміз, - деді Айгүл Мыңбаева.

Жаңа оқу жылы басталуына санаулы күн қалды. Өкінішке орай аймақта жетіспейтін мамандар бар.
Басқарма басшысы қазіргі уақытта 94 маман жетіспейтінін айтты.

- Соның ішінде қазақ сыныптарына орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, бастауыш сынып оқушыларына математика пәнінің мұғалімі, логопед, дефектолог мамандары жетіспейді, - деді Айгүл Әділгерейқызы.

Кеңес соңында үздік білім беру ұйымдары мен мұғалімдер облыс әкімінің атынан марапатталады деп күтіліп отыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале