28.08.2023, 15:15
Оқылды: 60

БҚО-дағы «сақалды» білім нысандарының құрылысы аяқталуы жақын  

 

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 10 білім беру нысанының құрылысы мен күрделі жөндеуі ұзақ мерзімге созылды. Басты себеп – мердігерлердің жұмысты ұйымдастыра алмауы, міндеттемелеріне деген жауапсыздығы. Жарты жылда аяқталуы тиіс күрделі жөндеу 1,5 жылға, кейбір білім ошақтарының құрылысы 4 жылға созылып кетті.

WhatsApp Image 2023-08-28 at 15.04.43

БҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соған байланысты биыл аталған мәселені шешу үшін облыс әкімі Нариман Төреғалиев құзырлы мемлекеттік органдармен жұмыс тобын құрып, тікелей бақылауына алды.

Сол нысандарға тоқталып кетсек.

2020 жылы құрылысы басталған Казталов ауданы Жұлдыз ауылындағы 108 орынға арналған мектептің бұрынғы мердігері соттың шешімімен жозықсыз деп танылды. Құрылысты аяқтау үшін қайта конкурс өткізіліп, жаңа мердігер анықталып, мектеп салтанатты түрде 23 тамызда ашылды.

WhatsApp Image 2023-08-28 at 15.04.42

Казталов ауылында 600 орынға арналған мектептің құрылысы 2020 жылы басталды. Мектеп құрылысының басталуы пандемия кезеңіне тап келді. Осыған байланысты мердігер компанияда жұмыс күштерін ұйымдастыру мен қаржылық қиындықтар туындады. Қазіргі таңда құрылыс басқармасы мен аудан әкімдігінің басшылығы күнде әлеуметтік нысанның басында. Мектепті пайдалануға беру биыл 1 қарашаға жоспарланды.

2022 жылы су тасқынынан зардап шеккен Қаратөбе ауданы Шалғын ауылында 60 орындық мектеп құрылысы басталды. Биыл міндеттемесін орындай алмаған мердігермен келісімшарт бұзылды. Конкурс жарияланып, жаңа мердігер анықталды. Бұл оқу орны жыл соңына дейін тапсырысқа беріледі.

WhatsApp Image 2023-08-28 at 15.04.42 (1)

2020 жылы Орал қаласындағы 400 орынға арналған №31 мектептің құрылысы бойынша жұмыс жеке инвестормен басталды. Жобаға түзетулер енгізу, жер учаскесінің сәйкессіздігі секілді түрлі себеппен мектеп құрылысының мерзімі 3 жыл бойы созылып келеді. Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тікелей араласуымен аталған мектептің жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасымен нысан құрылысын бастау мақсатында білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім жолданып, шешімі күтілуде.

Бөкей Ордасы ауданы Хан ордасы ауылының Жәңгір хан атындағы мектепті күрделі жөндеуге 2022 жылы қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедуралары өткізіліп, мердігер анықталған болатын. Алайда жыл соңына дейін жөндеу аяқсыз қалды.   Тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа беріліп, талап арыз қанағаттандырылды. Дегенмен жөндеу жалғастырылып, жергілікті атқарушы органның бақылауына алынып, жаңа 2023 оқу жылы қарсаңында мектеп ашылады.

WhatsApp Image 2023-08-28 at 15.04.42 (2)

Казталов мектеп-лицейінің ғимаратын күрделі жөндеуге 2022 жылы қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедуралары өткізілді. Тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арыз берді. Алдын ала әңгімелесу барысында сот объектіні аяқтау бойынша бітімгершілік келісімге келуді ұсынды. 2023 жылдың ақпанында тапсырыс беруші мен мердігер арасында бітімгершілік келісім жасалып, жұмыс жалғастырылды. 2023 жылдың 1 қыркүйегінде күрделі жөндеуден кейін мектептің ашылуы күтілуде.

Дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектеп-лицейін күрделі жөндеу 2021 жылы басталған болатын. Өндірістік жұмыс кестесінің бұзылуына байланысты мердігерге қатысты сотқа шағым түсірді, нәтижесінде 2023 жылдың наурыз айында сот тапсырыс берушінің шартты бұзу және мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талабын қанағаттандырды.

Тапсырыс беруші мердігермен шартты бұзып, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізді.

Оқу үрдісі 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Орал қаласының орталығында орналасқан бұрынғы эстетикалық бағыттағы гимназия ғимаратында ыңғайластырылып, ұйымдастырылуда.

  Нысандағы жұмыстардың тоқтап тұрғанына 6 айдан астам уақыт өтуіне байланысты тапсырыс берушімен заңға сәйкес қайтадан техникалық тексеру жүргізуге шаралар қабылданып, құрылыс-монтаждау жұмысын жалғастыру үшін қорытындының нәтижесі күтілуде.

Ақжайық ауданы Базартөбе кентіндегі мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге 2022 жылы қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедуралары өткізіліп, тамызда басталып, желтоқсан айында аяқталуы тиіс болатын. Келісім шарттағы мерзімдер мердігер тарапынан сақталмағандықтан сотқа шағым түсіріліп, 2023 жылы 20 наурызда, кейін 29 маусымдағы мердігердің аппеляцияға берген сотта да тапсырыс берушінің шартты бұзу және мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талабын қанағаттандырды. Дегенмен мердігерге 2023 жылдың қараша айына дейін күрделі жөндеуді аяқтау бойынша тапсырма берілді.

Дәл осындай жағдай 2022 жылдан созылып келе жатқан Бәйтерек ауданының Чувашин және Раздольный мектептерінің күрделі жөндеуінде де көрініс тауып отыр. Мердігердің жауапкершілігінің төмендігінен жөндеу ұзаққа созылып, сот процестерімен жалғасты. Аталған мектептердің жөндеуі жергілікті атқарушы органдардың қатаң бақылауында, күрделі жөндеуді жаңа оқу жылының екінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Жоғарыда аталған №8 облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің, Казталов мектеп-лицейінің, Ақжайық ауданы Базартөбе кентіндегі, Бәйтерек ауданының Чувашин және Раздольный ауылындағы мектептердің күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесі аясында анықталған мердігер – «Градстройсервис» компаниясы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале