28.08.2023, 16:15
Оқылды: 40

Биыл киік санын реттеу бастала ма?

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тапсырмасы бойынша өңір басшысының кеңесшісі Алдияр Халелов,  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Наурызбай Қарағойшин, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қуанышқали Есімов, БҚО бойынша жануарлар дүниесі, орман шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлан Рақымжанов, «Қазсушар» РМК облыстық филиал директорының міндетін атқарушы Рауан Құсайынов Күйгенкөл ауылдық округінде шаруа қожалық иелері және ауыл тұрғындарымен кездесті.

369260094_822864909843185_743519600984185674_n

Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов жиынды ашып, келген басшы-қосшыларға «қош келдің» айтып, алғы сөзді  Алдияр Сансызбайұлына берді.

368688723_822864973176512_2756548491331343832_n

Ол басқосудың мақсатына кеңінен тоқталды. Яғни киік санын реттеудегі атқарылып жатқан жұмыс, мал азығын дайындау және ауыз су мен техникалық су мәселелерін қозғады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале