30.08.2023, 0:43
Оқылды: 45

Ауылдарға учаскелік полиция инспекторы жетіспейді

Бейбітшілік ауылдындағы аудан әкімінің халықпен кездесу кезінде учаскелік полициялар жайы кеңінен сөз болды. Аудан басшысының сөзіне қарағанда, Сұлукөл, Құрманғазы, Чиров, Раздольный, Егіндібұлақ, Шалғай сынды біраз ауылдық округтерде учаскелік полиция жетіспейді. Екі-үш ауылға бір адамның болуы да қиындық тудыруда.

IMG-20230829-WA0162

Мичурин ауылдық округінде 90-шы жылдары он шақты полиция қызметкері болған, отыз жылдан аса уақыт өтті әлі солай, ал округ халқы ол кезден бері қанша есе өсті.  Тұрғындар полицияға барып өтініш берейін десе оларды орнынан таба алмайды. Сөйтіп билікке, құқық қорғау саласына деген сенімсіздік туындайды. Олардың қамтылуы да көңіл көншітпейді. Көлікке бензинді өз ақшаларына құяды, таксимен жүреді.

IMG-20230829-WA0159

-Учаскелік инспектор болып келгеніме 3,5 жыл болды. Осы уақыт аралығында менің 8 мәрте ауыстырды. Бейбітшілік ауылына келгеніме де көп болған жоқ енді тағы ауыстырмақшы. Мен тұрғындармен танысып үлгермей жатып, қайта алмастыра береді. Марат Лұқпанұлы сіздің айтуыңыз дұрыс, көлігіме бензинді өз ақшама құямын, сынып қалса өз есебімнен жөндеймін,-деді учаскелік полиция инспекторы Қанат Тұрсынғалиев.

IMG-20230829-WA0160

Аудан әкімі полиция басшылығының учаскелік инспекторларды жиі ауыстыруы дұрыс еместігін баса айтты. Учаскелік полициялар ауылға кім қайда келіп, кетіп жатқанын бәрін біліп отырулары керек. «Осы ауыл тұрғындарынан Қанат учаскелік полиция болып келгелі ауылда қоғамдық тәртіп ретке келіп, жағдай жақсарды дегенді жиі естіп жүрмін,-деді Марат Тоқжанов.-Осыдан-ақ Қанат өз міндетін дұрыс атқарып жүргенін білуге болады. Яғни бұл жігітті басқа жаққа ауыстыруда гәп басқада. Мұның астарында біреуінің көзі, екіншісінің сөзі, үшінсінің өзі ұнамайды деген көзқарас жатыр деп ойлаймын. Кәсіби маман болмай жұмыс жүрмейтінін түсінуіміз керек. Яғни мақсат бір, мүдде ортақ болса, бағындырар белес мол болмақ».

IMG-20230829-WA0158

Жиында сөз алған ауыл тұрғындары Қанат Тұрсынғалиев көшеде мотоцикл, мопедпен жүретіндерді тәртіпке келтіргенін, бұралқы иттер мәселесін реттеуде де көп септігін тигізгендігін айттып, оны ешқайда ауыстырмауын сұрады.

Осы жиынға арнайы келген аудандық полиция бөлімінің Приурал аймағы бойынша полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторлар жұмысын қадағалайтын  Нұргүл Бисалиева егер тұрғындары Қанат Тұрсынғалиевке ықылас танытып отырса, бұл міндетті түрде ескерілетінін жеткізді.

 

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале