Бүгін таңғы сағат 05:19-да БҚО төтенше жағдайлар департаментіне Оралдағы Есенжанов көшесі, 1/1 мекенжайында өрт басталғаны туралы хабарлама түскен.
Департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер 18 адамды құтқарған. Ал 27 адамды эвакуация жасаған.
Пәтерлердің бірінен улану белгілері бар 1973 жылы туған ер адамның денесі табылған. Өкінішке орай, 1979 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған.
Өрт сағат 06.09-да оқшауланып, сағат 06. 34-те толығымен сөндірілген.
zhaikpress.kz