Жуырда Теректі ауданы орталығы Федеровка елді мекенінде өткен облыстық жас натуралистер мен зерттеушілер слетына Белогор негізгі мектебінің командасы қатысып келді. Облыстық экология-биология орталығының ұйымдастырған іс-шараның негізгі мақсаты оқушылардың ботаникалық ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызықтыру мен қоршаған ортаны зерттеуде практикалық білімдерін дамыту. Облыс аудандарынан және Орал қаласынан 11 команда далалық- жаттығу жұмыстарына жұмылдырылды. Төрт бағытта теориялық және практикалық жұмыс жүргізу барысында көзге түсіп, жақсы білімін көрсете білген Сымбат Бөкенбаева «Флористика», Рабиға Габдуллина «Энтомология», Нұрбек Климов «Картография» бағыты бойынша білім басқармасының алғыс хаттарына ие болды. «Ортитология » бағытында қатысқан Арсен Имангазиев өз білімін жан-жақты сынап, жаңа мәліметтер алды. Слетке дайындық жұмыстарына ықпал еткен, әдістемелік көмек көрсеткен АББ-нің әдіскері М. Сатыбалдиевке алғысымыз мол. Экологиялық сауатты және табиғатқа саналы көзбен қарайтын жастарымыз көп болғай!
Азамат Буранбаев
Шыңғырлау ауданы