5.09.2023, 9:47
Оқылды: 73

Орал қаласы әкімдігінің назарына! Көпір тұсында кептеліс басталды

Күні кеше жаңа оқу жылы басталды. Соның салдарынан шығар, қалаға Зашаған бағытынан кіретін жолда кешеден бері көлік кептелісі басталды. Таңертеңгі сағат 8 бен 10 - ның арасында Жазира аялдамасынан бастап, Шаған үстінен өтетін көпірге дейін, тіпті Пугачев аялдамасына дейінгі үш шақырымдай жерде ұзын сонау кептеліс. Тұрғындар осы аралықты жүріп өту үшін 30 минут, тіпті 1 сағат уақыттарын жоғалтады.

көпір

Ұл-қызын сабаққа жеткізуді діттеген, өздері жұмысына асыққан тұрғындардан маза қашқаны жасырын емес. Қоғамдық көлікте тапалып тұрғандардың жай-күйі айтпаса да түсінікті. Кей бір көлік иелері жолың жиегімен жүріп, жол жүру ережесін өрескел бұзуда. Мұның аяғы жол-көлік оқиғасына соқтыруы да ғажап емес.
Соңғы жылдары Зашаған кенті аумағынан біршене шағын аудандар ашылып, көп қабатты үйлер бой көтерді. Оларға бірнеше мыңдаған адамдар қоныстанды. Ал шаһарға кіретін негізі көпір біреу ғана. Осы мәселені ескеріп, облыс, қала әкімдігі Ақжайық шағын ауданыны тұсынан тіке шығатын көпір салу мәселесін көпке созбай, ыждағаттағыны дұрыс ау!

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале