6.09.2023, 12:45
Оқылды: 41

Оралда Сырым ауданының мәдени күндері жалғасуда

Оралдағы Сырым ауданы күнінің «Ақ киіз» тарихи драмасымен шымылдығы түрілсе, кешкілік «Ақ қайың» вокалды-аспаптар ансамблі «Шалқысын әуен» атты концертімен алғашқы күнді қорытындылады.
E57D8912-DA09-40B1-8523-98818D299CB7
Жуырда ғана Сырым елінде «Саз әлемі Сырымда» атты вокалды-аспаптар ансамбльдерінің фестивалінде мерейтой иелері қонақ ретінде өнер көрсетіп, көрермендерін бір серпілтіп тастағаны есімізде.
Жарты ғасырлық тарихы бар ансамбльдің ескі, есті әндерін тыңдап, жас күндерін еске алуға келген халық дән риза.
Кеште «Ақ қайың» ансамблі «Ахау, бикем», «Жігіттер жыры», «Махаббат мұңы», «Қайдасың?», «Құдаша», «Жан досым», «Мир не прост» секілді бірқатар 70-80-90-жылдардағы әндерді орындап, халықтың ықыласына бөленді.
BAF97A14-EEF7-4264-A51F-98A354C0376C
Кеш соңында Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев құттықтау сөз сөйлеп, қала әкімі Миржан Сатқанов атынан алғысхат табыс етті.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале