6.09.2023, 18:33
Оқылды: 159

Ақынның жаңа кітабы оқырманға жол тартты

Бүгін Бөрлі аудандық мәдениет үйінде ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетінің редакторы Дариға Нұрашованың жыр кеші өтуде.

IMG-20230906-WA0081

Ақынның “Өлең – өмір гүлзары” тақырыбындағы шығармашылық кеші “Ақсай күні” қарсаңында, аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Айтулы шараға аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов, ақын Дариға Мұштанова, «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары Нұрлыбек Рахманов арнайы қатысуда. Сонымен қатар кеш қонақтары қатарында ақын-ұстаз Үзілдік Елубайқызы, Талап Таймасұлы және Ертай Бимұқановтар бар.

IMG-20230906-WA0085

Рухани кеште Дариға Кеңесбайқызының «Өлең – өмір гүлзары» атты жыр жинағының тұсауы кесілді. Жаңа кітаптың тұсауын аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы мен ақын Дариға Мұштанова қиды.

IMG-20230906-WA0084

Айта кетейік, Дариға Нұрашованың бұған дейін «Балауса», «Гүл сезім», «Ақ қайың» атты жыр жинақтары жарық көрген болатын.

Аслан Нұразғали,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале