8.09.2023, 11:36
Оқылды: 42

БҚО-дағы шаруа қожалықтарының бірінде үш оралдық құлдықта болған

БҚО-да Ақжайық ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысы Орал тұрғындарын еңбек құлдығында ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

photo_115752Иллюстрациялық фото

БҚО Полиция департаментіне Ақжайық ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысы еңбекке пайдалану үшін Оралдың тұрғындарын заңсыз ұстағаны жөнінде жедел ақпарат келіп түскен.

Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл дерек расталып, Оралдың тұрғындары арызбен келіп жүгінген.

Бұл дерек бойынша Ақжайық аудандық Полиция бөлімі қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 3-бөлігіне (Бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес соталды тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

tengrinews.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале