4.08.2016, 15:25
Оқылды: 37

«Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері»

Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері (2) Бүгін облыстық мәслихаттың кіші залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстық департаменті БҚО Азаматтық Альянсымен бірлесіп «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.


Конференция барысында мемлекеттік қызмет институтының қоғамдағы рөлі мен миссиясын насихаттау, мемқызметшілердің адамгершілік және іскерлік сапаларына талаптарды арттыру, әдеп ережелерінің қазақстандық модулін қалыптастыру туралы ойлар ортаға салынды.Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері

Басқосуда аталмыш департамент басшысының міндетін атқарушы А.Жұбаныш, департамент басшысының орынбасары Ж.Мұратов, «БҚО Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Ә.Сәлиева, салалық басқармалар мен департамент басшылары қатысып, баяндамалар оқыды. Олар Ұлт жоспарындағы бірінші институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар, бірінші жартыжылдықта мемлекеттік қызметтің конкурстық іріктеуге негізделген мансаптық моделінің енгізілгендігі жөнінде ақпараттар берді.

 

Ләззат ШАҒАТАЙ

www.zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале